Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

14.08.15, 19:33

8903 0

Шоу - бизнес жұлдыздары өз көрермендерін қандай жаңалықтарымен қуантпақ?


Әнші әрі еліміздің  еңбек сіңірген әртісі Бақыт Шадаеваға соңғы уақытта тыңдармандары  іздеу сала бастаған. Қайда, неге сахнадан  көрінбей кетті деген сан алуан сауалдар елді мазаламай қоймады. Лебізді әндерімен миллиондаған көрерменнің жүрегін әлде қашан жаулаған өнер иесін жұрт іздемей қайтсін. Сүйікті әншісін таба алмай жүрген елдің сәлемін бізде жолдауға тырыстық.


Әншінің киелі сахнадан көрінбей кеткеніне бақандай бес жыл толыпты. Өнер әлемінен қол үзіп кетуінің басты себебін, ол қызмет бабының  ауысуымен түсіндіреді.


Осылайша,«эстрада бөлімін» басқаруға арнайы шақырту алған әнші отбасында болған қуанышымен де бөлісті.


Үлкен қызын құтты орынға қондырған әнші кіші қызының қамымен жүр. Енді бір айдан кейін мектеп табалдырығын алғаш рет аттамақ.


Cоңғы кезде  қызметі де,  тұрағы да тұрақтаған  әнші енді шығармашылығын мықтап қолға алуды көздеп отыр. Ел аузында жатталып қалатын ырғақты әндерінің сандарын көбейтпек.


Әншінің тыңдармандарына арнап жасаған дүниелеріне жақын күндері баға бере алатын боламыз. Әзірге, күтуден басқа амаламыз жоқ.


Тойларына алдымен  қадірлеп шақырып алып, кейін ақшадан гөрі қозы -лақты қолтықтап қайтуға үйренген  Шамшырақ дуеті  жақында шетелдік киноға түсуге шақырту алыпты. Болгариялық  кинорежиссер дуэтке ұсынысты әлеуметтік желі арқылы жазған. 


Шетелдік режиссер  ұсынысты осыдан екі - үш күн бұрын ғана жазып қалдырған.  Оның айтуынша, әншілердің түр келбетін, жүріс- тұрыстарын да ғаламторға салынған концерттері мен бейнебаяндарынан зерттеп, таңдаған көрінеді. 


Бүгінде әншілер актерлік шеберліктен сабақ алып,  дайындық үстінде жүр. Ал аптаның басында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына отандық жұлдыздардың біразы жиналды. Ал- Давай тобының мүшелері осымен екінші рет қайырымдылық іс шараға қатысып,  белсенділік танытты. Өткен жолы  селден зардап шеккен тұрғындарға арнайы кеш ұйымдастырып одан түскен жарты миллион теңгені  жинап бергені ел есінде. бұл жолы балалардың еміне қаржы  жинау.


Жұлдыздардың осы және өзге де жаңалықтарын келесі аптада тамашалай аласыздар .

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян