Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

02.10.15, 20:47

6066 0

Дағдарыс қай әншіге әсер етіп жүр ?

 

ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА, әнші:

-Кішкене қаржы жағы әлі орнықты болмай жатқан кезде концерт беруде оңай болып жатқан жоқ.

 

Ал қай әнші дағдарыста шет елге жол тартпақ?

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:

- Арнайы Грузия мемлекетінің, елінің  шақыртуымен  Тбилисиде өтетін фестивальге барамын. 

 

Мөлдір Әуелбекованың тұрмысқа шығатыны қаншалықты  рас ?    

 

МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА, әнші:

-Ол сұраққа жауап бермеймін.

 

Әнші Айгүл Иманбаева дағдарысқа қарамастан шетелге сапарлауын тоқтатпақ емес. Керісінше,  өзге елд есұранысы артқан.

 

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:

-Грузияға баратын жалпы сыртқа шығатын билетті девалвацияға дейін алып қойғаннан кейін бір жақсы жері кішкене оңайға түсті.

 

Бүгінде актрисаның өнерін бағалап,  шет елге шақыратындар саны артқан. Осыдан төрт жыл бұрын өз қаржысына ашқан "АИ" театры  жақында Грузия еліне  байқауға бармақ.

 

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:

- "Медея" спектакліміз  ол кісілерге ұнаған,  "Медея" деген қанша дегенмен,  грузиннің қызы ғой. Бірақ  биылғы  өтетін фестивальдің ерекшелігі  жылда халықаралық  фестиваль қылып әлемдік  деңгейде өткізетін грузия  өздерінің араларында ғана өз театрларының араларында өткізуге бел буған екен.

 

Әншінің айтуынша, жас  театр үшін бұл байқау аса қажет. Себебі, өзге театрлардың қыр- сырымен танысып, мамандардан көптеген тәжірибе жинақтайды.

 

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші:

-Бізді қазақстанның атынан келіп тәжірибе алмасу үшін  екіншіден үлкен  ары қарай шығармашылық байланыста болайық деген ниетпен бізді шақырту жіберді. 

 

Керісінше, әнші  Гүлнұр Оразымбетоваға соңғы уақыттағы өзгерістер  оңайға  соқпаған сыңайлы.

 

ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА, әнші:

-Қазіргі ауытқып тұрған кезде заман. Заман емес кішкене қаржы жағы әлі орнықты болмай жатқан кезде  концерт беруде оңай болып жатқан  жоқ.

 

Өнер иесінің сахна әлемінде жүргеніне биыл он бес жыл. 15 жылдығын атап өту үшін 15 қарашаға жеке концертін өткізуді жоспарлап қойыпты.

 

ГҮЛНҰР ОРАЗЫМБЕТОВА, әнші:

-Мерейтойлық концертімді  Астана қаласында өткізейін деп жатырмын. Соған қазір дайындық жұмыстары енді аз ғана уақыт қалды.  Өте аз.

 

Ал, Кешью тобының әншілері нені армандап жүр?     

 

«Кешью» тобы:

- Өзіміздің арманымыз қуыршақтар болғымыз келген.

 

Қыздардың  бала кездегі ойнаған қуыршақтарының  бейнесіне былайша оп-оңай енуіне бейнебаян себеп болған. Олар он екі бейнені сомдаған.  Рок н ролл стилінде жазылған әнді ерекше бағалайтындарын айтады.

 

"Кешью" тобы:

-Біздің фанаттарымызға өте билеуге ыңғайлы. Барби, күлбике, Чаки қуыршағы бар неше түрлі көп образдар бар. 

Әнші Мөлдір Әуелбекова тұрмысқа шығады деген қауесет сөз өткен аптада желдей есті. Жеке парақшасына салған  мына суретте Мөлдір өзінің сүйіктісімен бірге қалыңдық көйлегін сатып алғаны анық байқалады. Алайда, әнші өзге де әріптестері сияқты  жеке өмірін елге жариялағысы жоқ.

 

МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА, әнші:

-Жеке өмірім жеке өмір болып аталған соң жеке болып  қалсын.

 

Дегенмен, өнер иесі  өміріндегі өзгерістің барын сөз арасында жасырып қала алмады.

 

МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА, әнші:

-Солтүстік жағы қалып отыр, батыс жақ қалып жатыр,  оны келесі жылға қалдырдым, өйткені жеке өмірімде өзгерістер болып жатыр.

 

Той жақын күндері  бола ма, жоқ па деген сауалымызға Мөлдірдің өзі бір түрлі жауап берді.

 

МӨЛДІР ӘУЕЛБЕКОВА, әнші:

- Мүмкін болады, мүмкін болмайды. Болған күні естисіздер.

 

Хош делік, дүбірлі тойдың ауылы алыс еместігіне сенейік.  Жұлдыздардың осы және өзге де жаңалықтарын келесі бағдарламамыздан тамашалай аласыздар. Бүгінге осы.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян