Информбюро - Ең маңызды және өзекті жаңалықтар

Информбюро - Ең маңызды және өзекті жаңалықтар

Үздік ақпараттық бағдарлама
Дс - Жм
20:00
«Информбюро» — Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ақпараттық бағдарлама. Аталмыш бағдарламаны жасау барысында нағыз кәсіби мамандар жұмылып, еңбек етеді. Олар көрермендеріне елімізде және әлемде болып жатқан ең маңызды әрі қызықты оқиғаларды әңгімелеп беруге қашанда да дайын.
«Информбюро» — арнаның 29-жылдық тарихын жалғастырып келе жатқан бренд. «Информбюро»: боямасыз ақпараттар ағыны! Жұмыс күндері сағат 20:00- да көріңіздер!

Онлайн қарау

Информбюро 08.10.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ
...
...

Біздің команда

Ирина Евгеньева

Ирина Евгеньевна 31 арнада 22 жыл жұмыс істейді. Оның ішінде тікелей эфирде жаңалықтар жүргізушісі ретінде 10 жыл. Ол қарапайым журналист болып бастады, аймақтық редактор болды. Кәсіби журналистердің бірнеше буынын тәрбиеледі. "Ақпарат саласының үздігі" мемлекеттік наградасының иегері.

Ирина Евгеньева

Жүргізуші, Информбюроның жауапты шығарушы редакторы
Дияс Махамбетов

Дияс Махамбетов – «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасының жүргізуші-тілшісі. Журналистика саласында алты жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде Дияс тілші қызметінен республикалық арнаның жаңалықтар қызметіндегі ең танымал жүргізушілердің біріне дейін өсті. Ол пандемия, төтенше жағдайлар, өзекті әлеуметтік мәселелер мен қаңтар оқиғалары сияқты сан түрлі тақырыптарды жарыққа шығарды. Жұмыстағы басты қағидасы – өсу мен дамуды тоқтатпау, жаңа нәрселерді үйрену және әрбір шығарылымды алдыңғысынан да сапалы ету. Әріптестері оны кәсібилігі, жеделдігі және эфирге мұқият дайындалатыны үшін бағалайды.

Дияс Махамбетов

Нұртілеу Жылқышыбай

Нұртілеу Жылқышыбай — журналистика саласында 5 жылға жуық тәжірибесі бар, қарымды да жас маман. Осы уақыт ішінде ол тікелей эфирде тілшілік тіршіліктің қызығы мен қиындығын қатар арқалап, кәсіби біліктілігін шыңдады. Енді міне, шығармашылық ізденісті жаңа белеске көтеріп, 31 арнада қызмет етеді.

Нұртілеу Жылқышыбай

Аяулым Изатқызы

Медиа саласында бес жылдық тәжірибесі бар. Журналистиканың түрлі бағытындағы жобаларда жауапты редактор қызметін атқарған. Қазір 31 арнада ақпарат әлеміндегі кәсіби қарқынын арттырып келеді

Аяулым Изатқызы

Оразай Нұртайұлы

Информбюроның арнайы тілшісі, Заң ғылымдарының магистрі. Тәуелсіз, халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейдегі тақырыптарды қозғайды. Қаңтар оқиғасы, COVID пен басқа да төтенше жағдайлар кезінде ақпарат таратқан. Ол үшін мемлекеттік наградалар да алды. Бүгінде 31 арнаның Информбюро ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында арнайы тілші ретінде қызметін жалғастыруда.

Оразай Нұртайұлы

Ануар Амангельдинов

Медиа саласында 8 жылдық тәжірибесі бар журналист. Журналистік жолын Жетісу телеарнасында бастап, сол жерде жас тілшіден жетекші репортёр дәрежесіне дейін өсті. Қазіргі уақытта 31 арнада жұмыс істейді. Маңызды оқиғаларды жариялап, көрерменге әсер ететін шынайы хикаяларды жеткізуді жалғастырып келеді.

Ануар Амангельдинов