Сана
Еліміздегі ажырасулардың 40 пайызына лудомания тікелей себеп болып отыр. Себебі, Қазақстанда әрбір бесінші адам – құмар ойынының құрбаны болған. «Сана » телехикаясының мақсаты- қаржылық пирамидалар және интернет-алаяқтықпен күресті шынайы көрсету.Екі баланың әкесі өз пәтерінің болғанын армандайды. Қанша қаражат жиғанымен, баспана бағасы қымбаттап ол жиғаны өз армандаған пәтерін алуға жетпейді. Өз жоспарына қол жеткізу үшін ол ставка тігуге барады. Бастапқыда бірнеше рет жеңіске жетіп, осылайша оңай олжа табамын деп ойлайды. Көп ұзамай ол бар жиғанынан айырылып, тіпті достарынан қарыз, банктерден несие алып былыққа батады. Ақыры, әйелімен ажырасып тынады. Қаржылық қиындықтан құтыламын деп, букмекерлік кеңсені тонайды, тонау барысында қолға түсіп, түрмеге тоғытылады. Абақтыда нағыз күш-зорлық емес, өзін өзгерту екенін түсінеді. Осылайша ойын құрбаны болған адамдарға көмектеспек болып , түрме кітапханасында көп ізденеді.