Қалауым

Қалауым

31 арна эфирінен су жаңа телевизиялық-романтикалық «Қалауым» жобасын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, мақсаты мен қызығушылықтары әр түрлі 18-35 жас аралығындағы 20 қызбен танысуға келетін бір жігіт махаббат алаңында бақтарын сынайды.

Жоба шарты бойынша бағдарламаға 20 қыз қатысады. Қыздарға күн сайын танысу мақсатында бір жігіттен келеді. Ереже бойынша жігіт қыздарға сұрақ қояды, олардың берілген жауабына қарай жұмбақ жігіт, қыздардың ақылын таразылап, үш қызды іріктеп, шешуші сұрақтан қояды. Бірақ таңдалған үш қыздың да, жігітке соңғы рет сұрақ қою мүмкіндігі бар. Нәтижесінде жігіт өзінің ойынан шыққан бір қызға кеңірек танысуға ұсыныс білдіреді.