АБАЙ – МӘҢГІЛІК МҰРА
01.08.2025 12:51

Бүгін – ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған 10 күндік рухани сапардың бастауы. Бұл жай ғана мерейтой емес, бұл – ұлттық жанымызды жаңғыртатын, Абай даналығына тереңірек үңіліп, өзімізді қайта тануға мүмкіндік беретін ерекше кезең.
Он күн – ойлануға, тереңдеуге, Абайды қайта ашуға берілген мүмкіндік.
Басты мақсат – Абайды тек жаттап қою емес, ұғу.