Наурыздың жаңа хит әні шықты!
«Наурыз» музыкалық бейнежобасы
Наурыз мерекесіне орай ауқымды имидждік музыкалық жаңа хит жарық көрді.
Бұл – 31 арна мен «Қазақконцерт» әртістерінің бірлесіп дайындаған туындысы. Бейнетуынды Қазақстанның аңызға айналған әртістері мен заманауи өнерпаздар бір бейнебаянда бой көрсетеді.
Бейнетуындыға елдің танымал әртістері қатысады:
Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Дильназ Ахмадиева, Айжан Нұрмағамбетова, Melomen және Azia топтары, сондай-ақ Сая Сейітмова, Гүлнар Көшенова және Мәди Рымбаев.
Жаңа қазақы нақыштағы хит үшін арнайы жаңа ән жазылды.
Әннің авторы – Нұрсұлтан Батырқұлов (Azia тобының мүшесі), сөзінің авторы – Асан Тілеумұрат.
Бұл туынды Наурыз мерекесінің негізгі құндылықтарын – жаңару, ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық дәстүрлерге құрмет идеясын насихаттайды.
Хит туындыда дәстүр мен заманауи технологиялар үйлесім тапқан: ұлттық киімдегі әртістер киіз үйде жанды дауыста ән шырқаса, бейнебаянда жасанды интеллект технологиялары да кеңінен қолданылған.
Бейнебаянда түрлі қалалар мен тағдырларды біріктіре отырып, негізгі идеяны жеткізеді: бір ел – бір мереке, бірлік дәмі.