Арнамызда тұсаукесер!
Бүгіннен бастап отандық “Қарыз “ телехикаясы дүйсенбі мен жұма күндері көрерменге жол тартпақ . Бокстан чемпион болған спортшы жігіт коллекторлық агенттікке жұмысқа орналасады. Алғашқы күннен -ақ борышкерлердің қарызын қайтарту үшін ол қолынан келген амалды жасап, тіпті оларға қол жұмсауға дейін барады . Күндердің бір күні ол өзінің аса қатыгез болып бара жатқанын түсінеді.Осылайша, ол борышкерлерге керісінше қалай көмектесіп, жол көрсету керектігін қарастырады. Әрбір жаңа бөлімде бас кейіпкер жаңа істер мен жаңа кейіпкерлерге көмектесу үшін қолдан келгенін аянбайды. Басты кейіпкердің рөлін – Дархан Манақов пен Асхат Үрпеков сомдайды. Қарызға белшеден батып, берешектерін бере алмай жүрген тағдыр иелерінің жан айқайын дүйсенбі мен жұма күндері сағат 22:00-де 31 арнада бірге тамашалайық!