31-АРНА осы күзде көрермендерін немен таңғалдырады?
31-арнадағы күз маусымы өзгерістермен басталады. Телеарна жаңа маусымды жаңартылған логотиппен, стильді безендірумен және өз өндірісіндегі бірқатар жаңа жобамен қарсы алады. Эфирден бірден бірнеше қазақстандық сериал мен жаңа ойын-сауық жобасы көрсетіледі. Ал көпшілік асыға күткен жаңалықтардың бірі – жұлдыздар мен жасанды интеллект қатысатын ауқымды музыкалық шоу.
• «31-арнаның отбасын біріктіретін арна болып қала бергені біз үшін маңызды. Көрермендеріміз мұнда күннің басты жаңалықтарын біліп, жақсы фильм немесе сериал көріп, жаңа жобамен танысып, кешті отбасымен бірге өткізе алуы керек. Жаңа маусымда біз көптеген дүниені жаңартып, тың форматтарды ұсынамыз. Дегенмен ең басты құндылығымыз – бүкіл отбасыға арналған жақын әрі түсінікті контент», – деді 31-арнаның бас директоры Айгүл Ақсамбиева.
Телемаусым 5 қыркүйекте «Математика + Музыка = Махаббат» ситкомымен басталады. Стартапы сәтсіздікке ұшыраған Нұрбол Оқушылар сарайына ұстаз болып жұмысқа орналасады. Сол жерде ол музыка пәнінің мұғалімі Айыммен және күрделі формулаларды танымал видеоларға оңай айналдыратын жасөспірімдермен танысады. Тек есеп пен логикаға сеніп үйренген Нұрбол үшін бұл орта нағыз сынаққа айналады. Ол жақсы идеяның өзі жеткіліксіз екенін және кейде жетістік шынайы эмоциялар бар жерде басталатынын түсінеді.
Басты отбасылық премьера – 12 бөлімнен тұратын «Сен болмасаң» комедиясы. Сериалда танымал қазақстандық актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей ойнайды. Ол жұбайы Бақыт Тұрманмен бірге экранға шығады. Бақыт үшін бұл рөл актерлік дебют болды.
Қайраттың кейіпкері Ерлан – 41 жастағы мұғалім. Ол жұбайымен, балаларымен бірге ата-анасының үйінде тұрады, актерлік кастингтерге қатысады. Бір күні Ерлан бәріне "ыңғайлы" бола беруден шаршайды. Үйдегі келіспеушіліктер, үлкендердің бітпейтін ақыл-кеңесі, жасөспірімдердің мәселелері, блогерлік және сахнаға шығу арманы – мұның бәрі көрерменге таныс оқиғалар. Кейде күлкілі, кейде ыңғайсыз, ал кей сәттері кәдімгі қазақстандық отбасының өміріне тым ұқсас бұл хикая өміршеңдігімен де көпшіліктің көңілінен шығары анық.
Жаңа бөлімдер телеарнадан көрсетіліп қана қоймай, Қазақстандағы ең ірі онлайн-кинотеатр «Кинопоиск» платформасында да бір уақытта қатар жарияланып отырады. Сондықтан эфирді өткізіп алған көрермен комедияны өзіне ыңғайлы уақытта көре алады.
«Ойнама» криминалдық боевигі онлайн-казино және құмар ойынның құны туралы баяндайды. Полиция қызметкері Ермек інісінің өлімін тергеу барысында оның қарызға байланысты бой тасалау үшін өз өмірін қиюға мәжбүр болғанын анықтайды. Тергеу тереңдеген сайын қорқынышты шындық ашыла түседі: астыртын ойын бизнесі, тәуелділік, алдау және кез келген сәтте тоқтай аламыз деп ойлаған адамдар. «Ойнама» – оңай ақша туралы уәденің біртіндеп құтылу қиынға түсетін тұзаққа айналатынын көрсетеді.
«Десант. Көкпен сырласу» – тәуекел кәсібінің бір бөлігіне, ал күрделі шешімдер күнделікті өміріне айналған адамдар туралы баяндайды. Басты кейіпкер Балжан Атабаева — десантшы әрі жалғызбасты ана. Әуеде ол парашютке, ал жерде ең алдымен өзіне сенуге мәжбүр. Әсем ұшу көріністері мен әскери киімнің ар жағында күрделі тағдырлар жатыр: жалғыздық, махаббат, қызғаныш, ана болу, сатқындық және жақындарынан айырылып қалу қорқынышы.
Балжан өзінен он жас кіші ер адамға ғашық болады. Сонымен қатар қызметтегі әділетсіздікпен күресуге тура келеді. Ал басқа кейіпкерлерді де түрлі сынақтар күтеді: баланың ауруы, отбасылық дағдарыстар, алдау және қызмет пен үйде күтіп отырған жақындарының арасындағы таңдау. Бұл хикаяда аспан еркіндік сезімін сыйлағанымен, ең күрделі сынақтардың бәрі жерде өтеді.
Сегіз бөлімнен тұратын «Қорған» мелодрамасының басты кейіпкері – бұрынғы әскери қызметкер Асан. Ол өз өмірінде өткен ауыр оқиғалардан кейін қорыққа жұмысқа орналасып, тыныштық пен өмірін қайта бастау мүмкіндігін іздейді. Уақыт өте табиғат, жаңа жұмысы және ұлымен кездесулері оған жоғалтып ала жаздаған сабырлығы мен өмірге деген құштарлығын қайтарады.
Алайда көп ұзамай қорықтың өзіне қауіп төнеді: ағаштарды заңсыз кесу, қоршаған ортаны ластау және браконьерлік Асанды қайтадан күресуге мәжбүр етеді. Бұл жолы ол бұйрық пен әскери форманы емес, өзі үшін туған үйіндей болып кеткен мекенді қорғайды.
Көрермендер 31 арнадан «Қала OFF» ситкомын да тамашалай алады. Оның кейіпкерлері цифрлық детокс үшін демалысқа аттанады. Алайда жайлы тынығудың орнына телефоны, интернеті және қаладағы үйреншікті жағдайлары жоқ шалғай ауылға тап болады. Бизнесмен әйел, блогер, IT маманы мен коуч ауыл өміріне бейімделіп, қол еңбегімен айналысуға және бұрын аса қажет болып көрінген дүниелерсіз өмір сүруге үйренуге мәжбүр болады. Комедияның негізгі желісі де қала әдеттері мен жаңа шынайы өмір қақтығысына құрылған.
Маусымның ең жарқын премьераларының бірі – «AI Бәрекелді» музыкалық-ойын-сауық шоуы болмақ. Көрермендерді тосын образдағы танымал өнер иелері, жаңа тректер, жарқын костюмдер, өзгеше дыбысталуы және жасанды интеллект технологиялары күтеді. Көпшілікке таныс әндер мен сүйікті дауыстар мүлде басқаша қырынан естіліп, қатысушылар бұрын, бәлкім, батылы жетпеген дүниелерді байқап көреді.
Жобаны театр актері, киноактер әрі продюсер, «Өнер қырандары» театрының актері, көпшілікке Coco Jambo деген атпен танымал Жанболат Найзабеков және стендап-комик, сценарист әрі блогер Жансая Мұратбекова жүргізеді.
Сахнаға Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, «Кешью» тобы, Жанар Дұғалова, Али Оқапов, Назима, Ғазизхан Шекербеков және басқа да шоу-бизнес жұлдыздары шығады. Жобаға барлығы 50 өнерпаз қатысады. Әншілердің жаңа музыкалық образдары қандай болатынын және жанды орындау мен заманауи технологиялардың тоғысуынан қандай нәтиже шығатынын көрермендер эфир барысында ғана біледі.
Дәмді тағамды жақсы көретіндер үшін «Адельмен бірге ас әзірлейік» бағдарламасы да эфирден түспейді. Жоба 2015 жылдан бері 31 арнадан көрсетіліп келеді. Ал оның жүргізушісі Адель Оразалинова авторлық рецептерімен, аспаздық жаңалықтарымен бөлісіп, көрермендер көптен бері жақсы көріп келе жатқан сол бір үйдегідей жайлы атмосфераны қалыптастырады.
Күн сайын жұмыс күндері маңызды тақырыптарды бүкпесіз қозғайтын арнаның флагмандық жобасы – «Информбюро» бағдарламасы да көрермендерімен әрдайым бірге болмақ. Биыл бағдарлама өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтойға орай арна қыркүйек айында әлеуметтік желілерге арналған «Информбюро: армандар орындалады» атты вертикалды сериал ұсынады.
• Жаңа маусымда 31 арна эфирінде күлкіге де, тебіреніске де, музыкаға да, жақсы кино мен жарқын анимацияға да орын бар. Бір жобалар көрермендерді кейіпкерлердің тағдырына алаңдатса, енді бірі күлдіріп немесе таңғалдырса, кейбірі күзгі кешті жайлы өткізуге көмектеседі. Сондықтан осы күзде кешті 31 арнамен бірге өткізуге себеп көп.